Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстанға төртінші медальді алып келді


Қытайдың Цзяншань қаласында 9–15 мамыр аралығында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Артем Антропов күміс жүлдені жеңіп алды.
102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы екі жаттығу қорытындысы бойынша 386 кг (165 кг + 221 кг) нәтижемен екінші орынға тұрақтады. Антропов тек жарыстың басты фавориті, Олимпиада чемпионы - Қытай өкілі Лю Хуаньхуадан ғана қалып қойды. Қытайлық спортшы 410 кг (180+230) көрсеткішімен чемпион атанды. Қола жүлде Түрікменстаннан келген Давранбек Хасанбаевқа бұйырды - 377 кг (182+195).
Артем Антроповтың бұл күмісі - Қазақстан құрамасы үшін Азия чемпионатындағы төртінші медаль. Бұған дейін, 12 мамыр күні, тағы бір отандасымыз Егор Шерер қола жүлдеге ие болған еді.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16