locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Аршавин ғана есімде». Вице-министр легионерлерге қаржы бөлудің маңыздылығына күмән келтірді

Басқа спорт түрлері 21 сәу 2025 11:34
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Аршавин ғана есімде». Вице-министр легионерлерге қаржы бөлудің маңыздылығына күмән келтірді
ФОТО: Қайрат ФК

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев елімізде шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекет тарапынан қаржы бөлінуі тиіс пе деген мәселеге қатысты пікір білдірді. Бұл сұрақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 сәуірде қол қойған «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында өзекті бола түскен.

Вице-министр бұл бағыттағы мәселе бұрыннан көтеріліп келе жатқанын айтып, келесідей мәлімдеме жасады.

«Мұндай норма бірнеше рет талқыланды, әзірленді. Бұл жерде ең алдымен «легионер» деген кім деген мәселені нақтылап алу керек. Қазір легионерлер - бір маусымға немесе бір ғана келісімшартпен келіп-кететін спортшылар. Мұндай тәжірибе елге айтарлықтай пайда әкеліп жатқан жоқ. Әрине, кейбір клубтар белгілі бір маусымға арналған мақсаттарын орындау үшін легионерлерді шақырады. Бірақ сол мақсат орындалды ма, жоқ па - бұл үлкен сұрақ.

Сондай-ақ вице-министр елге келген шетелдік спортшылардың арасында шын мәнінде жарқыраған жұлдыз болмағанын да атап өтті.

«Легионерлерге талдау жасасақ, олардың ішінен бір атақты жұлдыз болған жоқ. Есімде тек «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Аршавин ғана қалды. Басқа кім бар?».

Серік Жарасбаев 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі 14 клубта 325 ойыншы тіркелгенін, соның 149-ы – легионер екенін айтты. Яғни жартысына жуығы шетелден келген футболшылар. Осыған байланысты мемлекет оларды қаржыландыруға қарсы шараларды қолға алып отыр.

«Біз тек легионерлерді қаржыландыру ғана емес, клубтың ішінен жалақы беруге шектеу қоямыз және белгілі бір ойыншыға да жалақы шектеуі болады»,– деді ол BAQ.KZ YouTube арнасына берген сұ0батында.

Айта кетейік, клубтар бұл жаңа нормалар туралы 2024 жылдың ортасында-ақ ескертілген. Алайда 2025 жылғы маусым басында командалар құрамында әлі де легионерлердің саны азаймады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie