locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қарағандыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Басқа спорт түрлері 03 сәу 2025 06:10
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қарағандыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Фото: olimpic.kz

Бүгін, 3 сәуірде Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспрімдер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

3–12 сәуір аралығында өтетін жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 2000 палуан қатысуда. Жалпы белдесулер 66 салмақ дәрежесінде өтеді.

Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады. 5 сәуірде әйелдер арасындағы жарыстар басталады. Ал 6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін бақ сынайды.

Әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де басталады.

Чемпионат Қарағанды қаласындағы Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie