Алматыда өткен семинар: Дмитрий Баландин мен Нариман Құрбанов жастармен кездесті
1 қарашада Алматы қаласында Қазақстанда сапалы дене тәрбиесін дамыту тақырыбына арналған семинар өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.
Алматы – семинар өткізілген алтыншы қала. Бұған дейін мұндай оқыту семинарлары Орал, Қостанай, Астана, Түркістан және Ақтөбе қалаларында өткен.
Бағдарламаның мақсаты – дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, спорт саласының қызметкерлері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының кәсіби стандарттарын арттыру.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында жастардың қазақстандық танымал спортшылармен кездесулері ұйымдастырылады. Алматыда өткен шарада жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қатысты.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20