Алматыда муай-тайдан әлем чемпионы қайтыс болды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:41
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
23 желтоқсан күні Алматының Наурызбай ауданында 20 жастағы Серік Әли, муай-тайдан әлем чемпионы, қайтыс болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысқа себеп болған – таныстар арасындағы жанжал. Пышақпен шабуыл жасаған қылмыскер,, жедел түрде ұсталып, қазір тергеу изоляторында отыр.
"20 жастағы ер адамның өлімі бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Серік Әли 2022 жылы 18 жасында Әбу-Дабидегі (БАӘ) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, муай-тайдан әлемнің ең жас чемпионы атанған.
Танымал жаңалықтар
Баскетбол
Бүгін 09:30