locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Актөбе» Жапонияда жеңіліп қалды, бірақ AVC Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

Басқа спорт түрлері 13 мам 2025 07:27
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Актөбе» Жапонияда жеңіліп қалды, бірақ AVC Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті
ФОТО: Getty Images

Волейболдан «Актөбе» клубы Азия волейбол конфедерациясының (AVC) Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңді жапондық «Сантори Санбердз» командасынан жеңіліспен аяқтады.

Кездесу Жапонияның Осака қаласындағы «Панасоник Аренада» өтіп, алаң иелері үш партияда жеңіске жетті - 3:0 (25:14, 25:16, 25:19).

Азия. AVC Champions League

«Cантори Санбердс» - «Актөбе» - 3:0 (25:14, 25:16, 25:19)

Жеңіліске қарамастан, қос команда да бұған дейінгі матчтарда австралиялық «Куинслэнд Пайретс» ұжымын 3:0 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.

Нәтижесінде, жапондық клуб A тобының бірінші орнына ие болса, қазақстандық «Актөбе» екінші орыннан ширек финалға жолдама алды. Енді ақтөбеліктер ширек финалда Катардың «Эр-Райян» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл турнирдің қазіргі чемпионы – Иранның Исфахан қаласынан келген «Фулад Сирджан» клубы.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie