Қайрат Боранбаев ҚФФ атқару комитетінің құрамына кірді
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) XXV конференциясы өтті, онда ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов өз сөзінде басты міндет Қазақстанда толыққанды футбол бизнес-индустриясын құру екенін атап өтті.
Футболды дамыту үшін оның айналасында тұрақты бизнес құру қерек және ол үшін білікті футбол менеджерлері, инфрақұрылымды жақсарту, медиа өнімдер мен трансферлік нарықты дамыту қажет. Конференция аясында ҚФФ Атқару Комитетінің жаңа мүшелерін қосымша сайлау өтті. "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы және де белгілі кәсіпкер - Қайрат Боранбаев, бірауыздан атқару комитетінің құрамына сайланды.
Бұған дейін Боранбаев мемлекеттік қаражатты жымқырғаны үшін сотталған, бірақ 2023 жылғы 6 қарашада бостандыққа шыққан.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52