locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды

Басқа спорт түрлері 16 сәу 2025 08:53
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды
Фото: Jibek Joly

16 сәуір күні Республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Отырыс барысында федерацияның өткен жылға қорытындысы тыңдалып, биылға жоспары айтылды.

Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының жаңа президентін тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, Айдарбек Қожаназаров сайланды.

«Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен құзыреттілігін тоқтатты. Саланың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай қазіргі Мәжіліс депутаты, Көкпар Федерациясының құрметті Президенті, ұлттық спорттың басы-қасында жүрген Айдарбек Қожаназаров сайланды», - деді Ілиясов.

Өз кезегінде көкпар федерациясының жаңа президенті сенім білдірген жандарға алғыс айтып, саланың дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie