Абзал ӘЖГАЛИЕВ: “Қазір маусымға кірісіп жатырмыз, жаңа қарсыластарды қарқынын бағалаудамыз”
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев Монреальда өткен 2024/25 жылғы Әлемдік турдың бірінші кезеңінен кейінгі ойларымен бөлісті.
“Біз өз маусымымызды канадалық Монреальда бастадық. Мұнда әлемнің ең мықты спортшылары жиналды, турнир жоғары деңгейде өтуде. Бұл ел жыл сайын әлемдік жарыстарды қабылдағандықтан, нағыз спорт мерекесі сезіледі. Әлем кубоктары осы жылдан бастап жаңа форматта өтіп жатыр, бұл өте қызықты. Мұз өте жылдам, ал бәсекелестік өте жоғары. Қиындықтарға қарамастан, біз жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын. Қазір маусымға кірісіп жатырмыз, жаңа қарсыластарды бағалаудамыз. Біздің жас жігіттер өз қашықтықтарында ¼ және ½ финалға дейін жетіп, жақсы көрсеткішке ие болды.
Осы маусымдағы басты мақсатымыз - Азия ойындары мен әлем чемпионаты, бар күшімізді осы жарыстарға дайындалуға бағыттаймыз. Әлемдік турдағы кез келген нәтиже үшін бізге рейтингтік ұпайлар беріледі, бұл кешенді жарыстарға іріктеуде көмектеседі. Сол себепті біз барлық санаттар бойынша финалдық блоктарға кіру үшін барымызды саламыз.
Медальдардан басқа, бізге жеке және командалық дисциплиналарда да ұпай жинау қажет. Төрт кезеңде өнер көрсетіп, содан кейін Азия ойындарына аттанамыз. Жігеріміз мықты, барлығы өздеріне қойылған міндетті жақсы түсінеді,” – деп Әжғалиевтің сөздерін Sport+ жеткізді.
Еске салсақ, 2024/25 жылғы шорт-трек Әлемдік турының екінші кезеңі де Монреальда 1-3 қараша аралығында өтеді.
ММА
Бүгін 14:44
Теннис
Бүгін 12:09