locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

70 жастағы рекордсмен спортшы допингпен ұсталды

Басқа спорт түрлері Бүгін 14:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images

Бірнеше әлемдік рекорд орнатқан 70 жастағы америкалық спортшы Лоретта Тернер допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты төрт жылға жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды sport.24kz.

Оны Америка Құрама Штаттарының Допингке қарсы агенттігі (USADA) осы жазда АҚШ-тың жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы чемпионатында допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша шеттеткен болатын.

Санкция 9 тамызда күшіне енді. Бұған дейін Тернер 65-69 жас санатындағы спортшылар арасында 50, 60 және 100 метр қашықтықта үздік әлемдік нәтиже көрсеткен болатын.