locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

25 қараша – 1 желтоқсан: Қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістері

Басқа спорт түрлері 02 жел 2024 01:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
25 қараша – 1 желтоқсан: Қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістері
ФОТО: Әмір Омарханов

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз орталығы өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістері туралы баяндады. Біздің спортшылар шахмат, коньки тебу спорты, бадминтон, теннис және футзал сынды спорт түрлерінде белсенділік танытып, халықаралық аренада жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Шахмат. Италияның Монтесильвано қаласында өткен кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Коньки тебу спорты. Польшадағы Томашув-Мазовецкий қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы қола медальға қол жеткізді.

Бадминтон. Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек жұптық сайыста жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Панарин жеке разрядта қола медаль иеленді.

Теннис. Мексиканың Мерида қаласында өткен ITF J500 жасөспірімдер турнирінде Әмір Омарханов чемпион атанды. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұптасып, финалда чех Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Футзал. Хорватияның Загреб қаласында өткен футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде “Қайрат” командасы В тобында бірінші орынды иеленіп, “Төрттік финалға” жолдама алды.

2–8 желтоқсан: Қазақстандағы аптаның басты спорттық оқиғалары.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie