14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды
Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың екінші күнінде Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.
Небәрі 14 жастағы жасөспірім бұл жүлделерді соңғы 9 айда жеңіп алған. Алғашқы Қазақстан чемпионатында серпе көтеруде 80 кг, жұлқа көтеруде 95 кг көтерсе, қараша айында өткен жарыста серпе көтеруде 87 кг, жұлқа көтеруде 103 кг (жалпы 190 кг) тіркеді.
"Мен 14 жастамын. 4 жылдан бері ауыр атлетикамен айналысып келемін. Алматылық өңірде туып-өстім. Ересектер арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атандым. Ақпанда Қостанайда өткен ҚР чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Сол жерде жұлқа көтеруде 80 келі, серпе көтеруде 95 келіні бағындырып, абсолютті чемпион атандым. Бұл жолы салмақ дәрежемді көтеріп, жаңа категорияда да ешкімге дес бермедім. Мені Азамат Нұрұлаев пен Әмір Абатов жаттықтырады. Нәтижеге жетуімнің сыры – тәртіп пен режимді қатаң сақтау, дұрыс тамақтану және тұрақты жаттығулар жасау. Барлығы уақытпен жоспарланған. Қазір жасөспірімдер Олимпиадасына дайындалып жатырмын. Ал менің ең басты арманым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғау," – деді Ксения Прозорова МТС РК Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты 19 қарашаға дейін жалғасады
Бокс
Бүгін 01:05
Теннис
Бүгін 00:53