locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жұмағұлов Шавкат Рахмонов туралы: Егер ол чемпиондық жекпе-жектен бас тартса, демек, маңызды себептері бар

ММА 26 нау 2025 03:58
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жұмағұлов Шавкат Рахмонов туралы: Егер ол чемпиондық жекпе-жектен бас тартса, демек, маңызды себептері бар
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмоновтың (19-0) не себепті америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шықпағанына қатысты пікір білдірді.

Жұмағұловтың сөзінше, Шавкат бұл жекпе-жекке денсаулығына байланысты шықпаған.

«Шавкат бұл жекпе-жекке шыға алмаса, демек, оның денсаулығында айтарлықтай мәселе бар. Чемпиондық белбеу үшін айқастан кім өз еркімен бас тартсын? Ол бұл жекпе-жекті өзіне ұсынғанын өзі айтқан еді, бірақ кейін бас тартты», – деді Жұмағұлов YouTube-тағы Cuba Boxing Club арнасына берген сұхбатында.

Белал Мұхаммед чемпиондық атағын 10 мамыр күні Канаданың Монреаль қаласында қорғап, австралиялық Джек Делла Маддаленамен (17-2) кездеседі.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде ол ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой боксшылармен жұдырықтаспайтын себебін түсіндірді

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie