Жекпе-жек алдындағы қызық: Агапова мен Джессика Ай BKFC 76 турнирінде көз арбасу кезінде жанжал шығарды


22 маусымға қараған түні АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында BKFC ұйымының 76-турнирі өтеді.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірі - UFC-де өнер көрсеткен бұрынғы спортшылар, қазақстандық Мария Агапова мен америкалық Джессика Ай арасындағы кездесуі болмақ.
Жекпе-жек алдындағы дәстүрлі көз арбасу кезінде шиеленіс күшейіп кетті. Агапова тосыннан қарсыласына еңкейіп, оны сүйіп алды. Бұл әрекет Джессика Айдың ашуын туғызды. Америкалық спортшы бірден реакция танытып, Агапованы итеріп жіберді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.
Мария Агапова - UFC ұйымында өнер көрсеткен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел спортшы. Оның кәсіби мансабында 10 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Ал Джессика Ай болса, 15 жеңіс, 11 жеңіліс және бір нәтижесіз аяқталған жекпе-жек өткізген.

