Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келеді:Мен бұл тарауды әлі жаппадым


Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі мансабын қайта жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлемдік лигада аяқталмай қалған істер бар, және ол өзінің нағыз әлеуетін дәл осы жерде ашуға дайын.
«UFC-ге қайтып оралғым келеді. Мен бұл тарауды әлі жаппадым. Қазір мүмкіндік берілсе, мен бұрынғыдан да мықты деңгей көрсетемін»,-деді Жұмағұлов.
Сонымен қатар, ол келісімшартқа қол қойылмаған жағдайда, мансабын аяқтауы мүмкін екенін де жасырмады.
«Егер UFC-мен қайта келісу мүмкін болмай жатса, алда менің соңғы жекпе-жегім болуы мүмкін. Соңғы шайқасымды Ақтөбеде өткізгім келеді. Бірақ ештеңеге өкінбеймін, осы уақытқа дейінгі жолыма толық ризамын».
Жалғас UFC-де жеті жекпе-жек өткізді: бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапты. Соңғы кездесуі 2023 жылы Джошуа Ванға қарсы өтіп, жеңіліспен аяқталды.
Соңғы рет Жалғас 2025 жылғы 27 ақпанда екінші рет рингке шығып, америкалық Джастин Скоггинспен төрт раундтық жекпе-жек өткізді. Барлық раунд аяқталған соң төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
