Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегіне болжау айтты
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Sport+ сайтына берген сұхбатында Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты.
“Шавкат барлық жағынан қарсыласынан жоғары тұрады. Бірақ мен ММА-ның болжау мүмкін емес спорт екенін бірнеше рет айтқанмын. Шавкат жақсы төбелес өткізсе де, кездейсоқ соққыны жіберіп алуы мүмкін. Ал Гэрри ондай соққылар жасай алады: оның қауіпті оң қолы бар. Ал Шавкат ондай соққыны күтпей қалатыны бар. Бұл жерде Гэрридің бұл соққысын жіберіп алмау үшін сәл абай болу керек. Демек, Рахмонов одан соққы беруде де, күресте де, төзімділік жағынан да әлдеқайда күшті. Мен Шавкатты фаворит ретінде көремін, ол тіпті мерзімінен бұрын жеңіске жетеді деп ойлаймын", - деді қазақстандық спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, спортшылар арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада) өтетін UFC 310 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегі болмақ.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13