UFC-дегі дебют кейінге шегерілді: Украиналық файтер допинг үшін екі жылға шеттетілді


Украиналық ауыр салмақтағы Даниил Воеводкин (7-0) 2024 жылдың қыркүйек айында Dana White's Contender Series іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізген болатын. Алайда ол әлі бірде-бір жекпе-жек өткізбестен, ауыр мәселеге тап болды.
vRINGe.com мәліметінше, Воеводкин жарыстан тыс допингтік тексерістен өте алмады. 2024 жылдың 17 қазанында алынған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылған. Осыған байланысты Combat Sports Anti-Doping (CSAD) антидопингтік комиссиясы қатаң шешім шығарып, оны екі жылға жарыстардан шеттетуге үкім етті.
- "Мельдоний гормондар мен метаболизм модификаторлары класына жатады. Бұл жағдайда стандартты 24 айлық шеттету мерзімін қысқартуға әсер ететін жеңілдететін факторлар жоқ", – делінген CSAD ресми мәлімдемесінде.
Осылайша, 24 жастағы Фастов қаласының тумасы 2026 жылдың 10 қарашасына дейін октагонға қайта орала алмайды
Сондай-ақ оқыңыз: "Шавкат - құбыжық емес". Шон Брэди оның позициясы әлсіреген деп санайды

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42