UFC-дағы қазақстандық спортшылар октагонға оралуға дайындалуда
UFC-дағы қазақстандық спортшылардың менеджері Саят Абдрахманов ММА өкілдері – Бекзат Алмахан мен Азат Мақсұмның октагонға оралуы туралы ақпаратпен бөлісті. Абдрахмановтың айтуынша, жекпе-жектердің шамамен мерзімдері анықталған, бірақ түпкілікті мәліметтер әзірге жоқ.
-"Бекзат ақпанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, алайда дата мен қарсылас әлі анықталған жоқ, келіссөздер процесі жүріп жатыр. Азатқа келсек, ол жарақаттан кейін толық қалпына келген жоқ және әзірге жаттығу лагерін бастауға дайын емес. Оның октагонға оралуы наурыздың соңы немесе сәуірге жоспарланған", – деді менеджер сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Азат Мақсұм америкалық Си Джей Вергарамен кездесу керек еді, бірақ екі спортшының жарақаттарына байланысты жекпе-жек өтпей қалды. Бекзат Алмахан биыл наурыз айында UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізіп, ресейлік спортшы Умар Нурмагомедовқа төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалды. Осы кездесуден кейін Алмахан жарақат алған еді.
Илия Топурия бұрынғы UFC чемпионының таңдауы бойынша жылдың үздік жауынгері деп танылды.
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12