locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

UFC төрт файтермен қоштасты

UFC төрт файтермен қоштасты
ФОТО: Чемпионат

UFC ұйымында кезекті кадрлық өзгерістер орын алды — әлемнің ең беделді ММА промоушенінен төрт спортшы шығарылды, деп хабарлайды Borrachinha Depot.

UFC қатарынан кеткендер: бразилиялық жеңіл салмақты файтер Лукас Александер (8-5), ирландиялық Каолан Лоуран (10-2), бразилиялық Педро Фалькао (16-5) және америкалық Кортавиус Ромиус (9-4).

29 жастағы Лукас Александер UFC-де 4 жекпе-жек өткізіп, 1 рет жеңіп, 3 рет мерзімінен бұрын жеңілген. 28 жастағы Каолан Лоуран UFC-дегі 2-2 нәтижесімен көзге түсе алмады — барлық жекпе-жектері толық уақытқа созылған. Ол UFC-ге дейін Cage Warriors ұйымында қатарынан 4 рет мерзімінен бұрын жеңіп, промоушен назарын аудартқан еді.

32 жастағы Педро Фалькао мен 31 жастағы Кортавиус Ромиус UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуі де жеңіске жете алмады. Екі спортшы да екі реттен ұтылды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie