UFC Махачев пен Мұхаммад арасындағы жекпе-жекті қарастыруда: Шавкат Рахмонов титулдық мүмкіндігінен айырылуы мүмкін


UFC комментаторы Джо Роганның айтуынша, ұйым басшылығы жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев пен жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлады Championat.com.
«Дана Уайт маған матчмейкерлердің қазіргі мәселелері жайлы айтты. Ол нақты түрде Белал жеңіске жеткен жағдайда не болатынын сөз етті. Ислам мен Белал арасындағы жекпе-жек туралы идея көтерілді», — деді Роган өзінің подкастында.
Еске сала кетейік, Белал Мұхаммад 11 мамырда Канададағы Квебек қаласында өтетін UFC 315 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы — австралиялық Джек Делла Маддалена.
Осы талқылаулар аясында Қазақстан атынан өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігі белгісіз болып қалды. Желтоқсан айында Иэн Гэрриді айқын басымдықпен жеңгеннен кейін ол басты үміткер ретінде қарастырылып келген еді. Алайда Махачев пен Мұхаммад арасындағы ықтимал кездесу дивизиондағы күштер тепе-теңдігін өзгертіп, Рахмоновтың көптен күткен титулдық мүмкіндігін кейінге шегеруі мүмкін.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26