UFC чемпионы Топурия салмақ ауыстыру туралы қауесетке нүкте қойды
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия бапкері Хорхе Клементтің мәлімдемесіне жауап берді.
Бұған дейін бапкер Топурияның белбеуді босатып, жеңіл салмаққа ауысуы мүмкін екенін айтқан еді. Мұндай қадам Чарльз Оливейрамен жекпе-жек өткізу үшін жасалуы ықтимал. Алайда грузиндік файтер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Мен белбеуді босатпаймын. Салмақ дәрежесін ауыстыру туралы шешім тек менің қолымда. Әзірге UFC-мен бұл туралы ешқандай келіссөздер жүргізілген жоқ, сондықтан бұл мәселе әлі ашық. Мен өз дивизионымнан кетуді жоспарлап отырған жоқпын, болжауды доғарайық. Бұл салмақта өзімді дәлелдедім, енді келесі санатта дәл солай жасаймын, бірақ уақыт келгенде ғана,” — деп жазды Топурия әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осылайша, чемпион әзірше өз дивизионында қалатынын нақтылады.
UFC 2024 жылдың соңғы айқасы: Ковингтон мен Бакли көз түйістіру рәсімін өткізді.
Баскетбол
Бүгін 02:11
Бокс
Бүгін 01:08