UFC чемпионы Джон Джонс болашаққа жоспарларымен бөлісті
Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс алдағы жекпе-жектер туралы және спорттық мансабын аяқтағаннан кейін немен айналысатыны жайлы айтты.
"Ақша – бұл үлкен мотивация. Көптеген адамдар ақшаның оларды ынталандырмайтынын айтқанда шындықты жасырғандай көрінеді. Маған ақша табу ұнайды және UFC рекордтар кітабына өз атымды қалдыру да маңызды. Бұл тарихта мәңгілікке қалудың ерекше жолы.
Алдағы бес жылда мен бір жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырмын, мүмкін, тіпті екі жекпе-жек. Осы мүмкіндікті пайдаланып, UFC-де мүмкіндігінше көп табыс тапқым келеді. Содан кейін мен әртіс ретінде мансап бастауды қалаймын. Бұл менің бұрыннан бергі арманым. Мен камера алдында өзімді жақсы сезінемін және бірнеше шағын жарнамалық роликтерге түсіп көргенмін", – деді Джонс Алекс Гонсалеске берген сұқбатында.
Айта кетейік, Джон Джонстың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды – 28 жеңіс және 1 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол осы жылдың қараша айында өткізіп, үшінші раундта Стипе Миочичті нокаутпен жеңді.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:17
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:41