UFC 310: Қазақстандық Шавкат Рахмонов шешуші кездесуде Гэрриді жеңді
Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-1) арасындағы жекпе-жек өтті. Бұл кездесу UFC 310 турнирінің басты оқиғаларының бірі болды. Жеңіс төрешілердің шешімімен Шавкат Рахмоновқа берілді.
Бірінші раундта Шавкат қарсыласын торға қысып, бақылауда ұстады. Алайда, Гэрри барлық партерге көшіру әрекеттерін сәтті қайтарды. Раундтың маңызды сәті — Шавкаттың басына тиген дәл оң жақ соққысы болды.
Екінші раундта жекпе-жек негізінен тік тұрып өтті, бірақ ерекше оқиғалар аз болды. Екі спортшы да сақтық танытып, есеппен әрекет етті. Дегенмен, Рахмонов тағы бір дәл оң жақ соққымен көзге түсті.
ФОТО: Getty Images
Үшінші раунд ұқсас сценарийде жалғасты. Қашықтықтан жасалған шабуылдар көбіне нысанаға тимей, ал тор жанындағы ұзақ клинчті төреші тоқтатты. Шавкат тағы бір дәл соққымен ерекшеленді.
Төртінші раунд алдыңғылардан қызықтырақ өтті. Рахмонов екі рет тейкдаун жасап, үстіңгі позициядан бірнеше мықты соққы жасады. Ирландиялық қарсылас тұншықтыру әдісін қолдануға тырысты, бірақ Шавкат сәт сайын құтылып отырды.
Соңғы бес минуттықта Гэрри жеңіске бір қадам жақын болды. Ол Рахмоновтың арқасына шығып, тұншықтыру әдісін жасамақ болды, бірақ Шавкат шыдамдылық танытып, әдістен босап шықты. Бұған дейінгі раундтарда жинаған басымдығының арқасында қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен 48-47 есебімен жеңіске жетті.
ФОТО: Getty Images
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде чемпион Белал Мұхаммедпен кездесуі керек еді. Алайда, Мұхаммед жарақатына байланысты қатыса алмады.
Бұл жеңіс Рахмоновтың UFC-дегі жетінші жеңісі болды. Осы кездесуге дейін ол рейтингте үшінші орында тұрған және ешқашан жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізбеген. Ал Иэн Гэрридің рекорды енді 15-1 болып, рейтингтегі 7-орнын сақтап қалды.
Футбол
Бүгін 05:50
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:01
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:26