locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

UFC 310 алдындағы шиеленіс: Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриге қарсы кездесуде жеңіске жететініне сенімді

UFC 310 алдындағы шиеленіс: Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриге қарсы кездесуде жеңіске жететініне сенімді
ФОТО: Getty images

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы шиеленіс UFC 310 турнирі алдындағы басты тақырыпқа айналды. Соңғы көзқарас дуэлі күтпеген жағдаймен есте қалды: спортшылар жекпе-жек алдында қол алысып, достық ниет танытқандай көрінгенімен, көп ұзамай жағдай ушығып, жанжалға ұласты. Ең қызығы, төбелес кезінде де екі спортшының жүзіне күлкі ұялағаны көрермендерді таң қалдырды.

UFC аңызы Даниэль Кормьеге берген сұқбатында Шавкат Рахмонов өзінің нақты позициясын білдірді. Қазақстандық файтер қарсыласын құрметтейтінін, бірақ олардың достық қарым-қатынаста еместігін ашық айтты.

“Мен тек октагонға шығып, оның бар күшін алып тастағым келеді. Біз дос емеспіз. Мен оны құрметтеймін, бірақ біз дос емеспіз.”

Ешкімнен жеңіліп көрмеген қос мықты жексенбі күні таңертең, Қазақстан уақытымен шамамен 9:30-да шаршы алаңда жолығады. Бұл жекпе-жек жеңімпазына дивизион чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы титулдық кездесу өткізу мүмкіндігін береді.

Жекпе-жек алдындағы шиеленіс: Иэн Гэрри Рахмоновты психологиялық тұрғыдан жеңгенін айтты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie