Тағы бір балуан Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығуға келісім берді
UFC-нің бұрынғы уақытша чемпионы, жартылай орта салмақтағы Колби Ковингтон Шавкат Рахмоновпен кездесу туралы пікір білдірді.
"Мен UFC-ге Шавкатпен жекпе-жекке шығып шоуды құтқаруға дайын екенімді айттым. Бұл үшін мен жанкүйерлерге борыштымын, өйткені олар үлкен ақша жұмсап келеді. Мұндай шараға қатысуды қуана қабылдар едім, бірақ UFC, бәлкім, қу мінезді Усманды таңдайды. Бұл да қалыпты жағдай. Мен кез келген уақытта дайынмын. Олар маған бір апта алдын хабарласса да, мен дайын боларым анық" , — деп мәлімдеді Ковингтон.
Еске салсақ, UFC 310 турнирі 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Осы іс-шарада Усман мен Рахмоновтың жекпе-жегі титулдық болады деп жоспарлануда.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49