Шүкір САҒЫНАЙ: "Рустамжон? Ол өзі сияқты блогермен жекпе - жекке шықты"
30 - Қарашада "Nomad Fighting" ұйымдастыруы бойынша "ММА стойка" ережесі бойынша ашық турнир өтеді, жекпе-жек Алматыда, "Балуан Шолақ" атындағы спорт кешенінде өтеді, Астана уақыты бойынша турнир сағат 18:00-де басталады.
Негізгі және алдын-ала кард.
Live көрілім. Тікелей эфир.
29 - жастағы Шүкір Сағынай(12-4) эксклюзивті түрде Sports24.kz - пен біріге отырып жекпе-жек алдындағы үміттерімен бөлісті және журналистің сұрақтарына жауап берді.
- Қарсыласыңызды қалай бағалайсыз? Сіз оның қандай күшті және әлсіз жақтарын атап өтесіз?
- Қарсыласты қатты танымаймын, блогер ретінде танимын. Денгейін ертен жекпе - жекте көреміз. Бокс бойынша спорт - шеберімің деп айтыпты, бірақ ертен көре жатармыз. Өзі секілді блогермен жекпе-жекке шыққан, алайда мен оны аса бір жетістік деп санамаймын.
- Сізде жекпе - жек қарсаңында гейм - план бар ма?
- Жекпе - жек бірінші раундта аяқталмаса, көре жатармыз. Күрделі гейм - план жоқ, себебі қарсыласым ауысып кетті, қысқаша хабарлама бойынша жекпе - жекке шығып жатырмыз.
- Алдағы жекпе-жектен нені күтесіз?
- Бұл мен үшін өте жауапты жекпе-жек, себебі мен қарсыласымды ұтсам - көп пайда көрмеймін, бірақ мен ұтылсам - қарапайым және әлсіз қарсыласқа ұтылып қалды деп айтады жұрт. Сондықтан маған алдағы жекпе - жекте ұтылмау қажет.
- Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
- Болашақта, Құдай қаласа ақырындап бастап жатырмыз. Жекпе - жектер ұсынылып жатыр, бірақ нақты айта алмаймын. Енді қолдан келгенше, дайындалып, жекпе - жектерге жиі - жиі шығып, жанкүйерлерімді қуантамын деген ниет бар.
- Келесі жекпе-жекті кіммен өткізгіңіз келеді?
- Келесі жекпе - жекті Рзаевпен өткізген дұрыс болушы еді, себебі ол боксер, сөйлейді және онымен қызығырақ болушы еді. Немесе Фарид Ядуллаевпен де шығуға болады, Марсельмен де болушы еді, алайда оның қолында жарақат бар, ол емделгенше маған тоқтап қалмай жекпе - жектер өткізіп алу керек.
- Осы жекпе-жек үшін қанша гонорар аласыз?
- Гонорарды айта алмаймын өкінішке орай, көпте емес, аз да емес, орташа деп айтсам болады.
- Сіз стер даунға арнайы көкірекше киіп шықтыңыз, бұл нені білдіреді?
- Мен бұрын спецназда жұмыс жасағанда, кәсіби лигадағы мансабымды сол кезде бастаған едім. Сол кезде мені "Универсалды солдат" деп атап кетті. Сондықтан тұмарым деп айтсам да болады, сол себепті көкірекше мен қақпақ киіп шығамын әр жекпе - жекке.
ММА
Бүгін 09:01
Футбол
Бүгін 08:30