Шавкаттың бұрынғы бапкері оған UFC чемпиондығы үшін кездесуден кейін мансабын аяқтауға кеңес берді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы бапкері Баян Жанғалов шәкіртіне UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алғаннан кейін мансабын аяқтауға кеңес берді.
"Мен оған қандай да бір атақ немесе даңқ қууға кеңес бермес едім. Егер ол чемпиондық белбеуді жеңіп алса, демалуы керек. Себебі жарақаттары аз емес. Әлі жас кезінде қарапайым өмірге оралып, отбасымен уақыт өткізіп, өмірден ләззат алса деймін. Шавкаттың қазір төрт баласы бар. Мен оған чемпиондық белбеуді қорғауға шығуды да ұсынбас едім, бірақ бұл оның таңдауы. Өзі және командасы қалай шешім қабылдайды, солай болады. Бірақ мен оған мансабын аяқтауға кеңес берер едім. Меніңше, оның чемпион атанғаны да жеткілікті болады", - деді Баян Жанғалов SauBall You-Tube арасына берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі 19-жеңісі және UFC-дегі 7-жеңісі болды.
Шавкат Рахмонов өзінің бұрынғы бапкері Баян Жанғаловтың жетекшілігімен MMA-дан әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанып, M-1 Global лигасының чемпиондық белбеуін иеленді, сондай-ақ UFC-ге жол ашты. Айта кетейік, биыл жазда Шавкат бапкеріне алғысын білдіріп, жаңа көлік сыйлаған еді.
Теннис
Бүгін 05:21
Футзал
Бүгін 04:43
Футбол
Бүгін 04:34