locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Шавкат Рахмоновтың менеджері файтердің жеңісі үшін алған гонорары туралы қауесетті жоққа шығарды

Шавкат Рахмоновтың менеджері файтердің жеңісі үшін алған гонорары туралы қауесетті жоққа шығарды
ФОТО: Getty images

8 желтоқсан күні UFC 310 турнирі аясында өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов төрешілердің бірауызды шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді. Жекпе-жек туралы қазақстандық файтердің менеджері Саят Абдрахманов оның гонорары жайлы пікір білдірді.

—Көптеген қазақстандық БАҚ Шавкаттың гонорары 800 мың доллардан аз деген ақпарат таратты. Осыған орай Саят Абдрахманов бұл деректің рас-өтірігін түсіндірді.

“Бұл шындыққа жанаспайды. Дереккөзді тексеру қажет. Невада штатындағы Атлетикалық комиссия спортшылардың жекпе-жек гонорарлары туралы ақпаратты жарияламайды. Егер бұл Калифорнияда өткен турнир болса, дерекке сенуге болатын еді, өйткені ол жақта гонорарлар туралы ақпарат ішінара ашық. Бірақ толық гонорар ешқашан жария етілмейді. Ал Невадада мұндай ақпарат мүлдем жоқ. Сондықтан бұл деректер досыңның: ‘Маған сенші’, - деген сөзіндей көрінеді. Бұл көрсеткіш шындыққа сәйкес келмейді,” - деді Абдрахманов.

Сондай-ақ ол гонорар туралы нақты ақпаратты жариялауға құқығы жоқ екенін атап өтті.

“Барлығы бұл тақырыпқа қызығушылық танытып отырғанын түсінемін. Бірақ гонорарлар туралы ақпарат ресми түрде жарияланатын күн болса немесе Шавкаттың өзі бұл туралы айтуға шешім қабылдаса, ол оның таңдауы. Мен менеджер ретінде бұл мәліметтерді құпия сақтаймын және оны жария етуге құқығым жоқ,” - деп қорытындылады Абдрахманов YouTube желісіндегі "Спорт Шредингер" арнасына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа рейтингінде бір саты жоғары көтерілді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie