locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Шавкат Рахмоновтың командасы желтоқсанға жоспарланған жекпе – жек өтетінін хабарлады

Шавкат Рахмоновтың командасы желтоқсанға жоспарланған жекпе – жек өтетінін хабарлады
ФОТО: Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың командасы DAR Team қазақстандықтың айқасына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ұйым отандасымыз 7 желтоқсан күнге жоспарланған жекпе-жегі өтетінін хабарлады.

DAR Team өзінің Instagram-дағы парақшасында Шавкатпен октагонға шығуға жақсы бір қарсылас келісім бергенін жазды.



- “Сонымен, бізде жақсы жаңалық бар, жақсы біреу жекпе-жекке келісті. UFC 310 күшінде”, - делінген жазбада.

Дегенмен жартылай орта салмақ өкілінің қарсыласының аты әлі де белгісіз. Айта кетейік, UFC 310 турнирі 7 желтоқсан күні Невада штатында (АҚШ) өтеді.

Әзірге промоушеннің өзі ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Команда Шавката Рахмонова сообщила, что запланированный на декабрь бой

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie