locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үшінші орынға түсті: жартылай орта салмақтағы үздік бестік жаңарды

ММА 13 мам 2025 05:29
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үшінші орынға түсті: жартылай орта салмақтағы үздік бестік жаңарды
ФОТО: Getty Images

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңартылған рейтингте бір саты төмендеді.

Бұрын екінші орында тұрған «Номад» енді үшінші орынға жайғасты.

Бұл өзгеріс 11 мамыр күні Монреальда өткен UFC 315 турнирінен кейін орын алды. Аталған кеште австралиялық Джек Делла Маддалена Белал Мұхаммедті жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді. Осы жеңілістен кейін Мұхаммед чемпион атағынан айырылып, рейтингтің бірінші сатысына түсті. Ал екінші орынға америкалық Шон Брэди көтерілді.

Рейтингтің алғашқы бестігіне тағы да өзгерістер енді: бұрынғы чемпион Леон Эдвардс төртінші, ал Камару Усман бесінші орынға сырғыды.

Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді айқын басымдықпен жеңіп, екінші орынға көтерілген еді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Оның октагонға қайта оралуы күздің соңына қарай жоспарланып отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie