Шавкат Рахмонов - Камару Усман кездесуі болмайтын болды ма?
Телеграм-канал “Вестник MMA” жариялаған ақпаратқа сәйкес, 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде Қазақстанның файтері Шавкат Рахмонов пен нигериялық Камару Усман арасында өтетін жекпе-жектің ұйымдастырылуы туралы мәліметтер пайда болды.
“Көптеген пабликтер Шавкат пен Усманның жекпе-жегін ресми деп жариялап, лайк пен репост жинауға тырысып жатыр. Шындығында, жекпе-жек әзірленіп жатыр, бірақ келісімшарттар әлі қол қойылмаған және оны өзгертуі мүмкін, сондықтан ең болмағанда бір тараптан растама алғанша күтейік. Қазіргі статусы: әзірленуде”, — деп жазады дереккөз.
Еске салсақ, Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы чемпиондық жекпе-жектің денсаулық мәселелеріне байланысты кейінге қалдырылуынан кейін, 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде Усман мен Қазақстан өкілі арасындағы «уақытша» белбеу үшін жекпе-жек болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болған еді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20