Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадпен орын алмай қалған жекпе-жек жайлы өз пікірімен бөлісті
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммедтің UFC 310-дегі чемпиондық жекпе-жектен инфекцияға байланысты бас тартуына байланысты пікір білдірді.
“Меніңше, мұндай жарақатпен де Белалға жекпе-жекке шығуға болар еді. Ол жарақат алған кезде, біз оның жаттығып жүргенін естідік. Мүмкін, ол жариялаған фото мен видеолар бұрын түсірілген шығар. Ол сақ болу керек екенін түсінді. Біз оның жарақаты туралы жекпе-жекке бір апта қалғанда білдік, бірақ сол кезде де ол жаттығу залында жүрген еді.
Белал титулын сақтағысы келеді деп ойлаймын. Ашкөз болудың қажеті жоқ! Егер мен уақытша чемпион атансам, біздің жекпе-жек жанкүйерлер үшін қызықтырақ әрі тартымдырақ болады. Біздің жекпе-жекті қалай елестеттім? Қалай болса да, мен жеңіске жетіп, рефреи қолымды көтеруі керек еді. Белал – ыңғайсыз қарсылас, үнемі күресуге тырысады, бірақ мен оны бақылауда ұстап, өз жұмысымды жасап, жеңіске жете алатыныма сенемін!” — деп бөлісті Рахмонов The Ariel Helwani Show-YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Рахмонов (18-0) пен Мұхаммедтің (24-3) жекпе-жегі 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтуі керек болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52