"Шавкат - құбыжық емес". Шон Брэди оның позициясы әлсіреген деп санайды


Америкалық жартылай орта салмақтың өкілі Шон Брэди Леон Эдвардсқа қарсы алдағы жекпе-жекті титулдық мүмкіндікке жақындататын шешуші айқас деп есептейді. Оның айтуынша, UFC Fight Night 255 турниріндегі жеңіс Шавкат Рахмоновты басып озып, чемпиондық белбеуге жақындауға көмектеседі. Брэди осы жекпе-жектің титулға таласуға жол ашатынын атап өтті.
“Мен үшін бұл бірінші нөмірлі үміткердің жекпе-жегі. Жеңген адам бірден титулдық жекпе-жекке шығады деп айта алмаймын, бірақ мұндай мүмкіндік бар. Дивизионның жоғарғы бөлігі тоқырап қалды: Шавкат жарақатына байланысты уақытша шеттетілді, ал Джек Белалмен айқасады. Сондықтан бәрі өзгеруі мүмкін, бірақ жеңіске жетсем, белбеу үшін айқасуға тағы бір қадам жақындаймын”, – деді Брэди Шакиэль Махджориге берген сұқбатында, .
Америкалық файтер Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайына тоқталып, оның позициясы әлсірегенін айтты.
“Шавкаттың жарақаты бар, ол қашан оралатыны белгісіз. Сонымен қатар, оның Иэн Гэрримен жекпе-жегі оның ешқандай “құбыжық” емес екенін, жай ғана адам екенін көрсетті. Осы жекпе-жектен кейін абыройы аздап төмендеді”, – деді Брэди.
Леон Эдвардс пен Шон Брэди арасындағы жекпе-жек UFC Fight Night 255 турнирінің басты оқиғасы болады. Айқас осы демалыс күндері Лондонда өтеді.
Ал бұл уақытта Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегіне дайындықты толық күшейтіп, жаттығуларын жалғастыруда.

Хоккей
Бүгін 02:26