locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Резников Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі чемпион болу мүмкіндігін бағалады

Резников Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі чемпион болу мүмкіндігін бағалады
ФОТО: Getty Images. Шавкат Рахмонов

Қазақстандық ММА файтері Артем Резников танымал америкалық UFC промоушеніндегі отандасы Шавкат Рахмоновтың болашағы туралы пікірін бөлісті.

Ол жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдікке үміткерлердің бірі ретінде қарастырылады.

SarbazPodcast подкастында Резников Шавкатқа қатысты нақты болжам жасаудан бас тартты, бірақ оның чемпион болуға мүмкіндігі бар екеніне үміт білдірді.

«Үміттенейік. Не ойлайтынымды айтпай-ақ қояйын, тек ол белдікті елге әкеледі деп үміттенемін», — деді Резников.

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде екінші орында тұр. Қазіргі чемпион — америкалық Белал Мұхаммад. Ол 10 мамырда австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекте белдігін қорғайды. Бұл кездесу UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегі болады, турнир Канададағы Монреаль қаласында өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie