Резников октагонға қайта оралуға дайын: нысанада Шайхаев немесе медиялық қарсылас


Қазақстандық ACA лигасының жеңіл салмақтағы файтері Артем Резников октагонға қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MMA.Metaratings.ru.
-Қазір нақты айта алмаймын, қашан қайта жекпе-жекке шығамын. Маусымда төбелескім келеді, бірақ әзірге ACA тарапынан ешқандай нақты ақпарат жоқ. Ұйым маған қарсылас пен жекпе-жек күнін белгілегенін күтіп отырмын, – деді Резников.
Сондай-ақ ол келесі кездесуде кіммен айқасқысы келетінін айтты:
-Маған Дауд Шайхаевпен жұдырықтасу қызықты болар еді – ол рейтингте менен жоғары. Мен әрдайым бәске тұрарлық жекпе-жектерге ұмтыламын. Мұндай қарсыласты жеңу маған жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Немесе танымал, медиялық файтермен кездескім келеді. Қалғанының маған маңызы жоқ.
8 ақпанда өткен ACA 183 турнирінде Артем Резников Юсуф Раисовпен реванш өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Қазіргі уақытта оның кәсіби рекорды – 25 жеңіс, 9 жеңіліс.

Футбол
Бүгін 06:03
