Ресми: UFC Рахмонов пен Мачадо Гарри арасындағы жекпе-жек өтетінін хабарлады
UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
Ұйым қазақстандық спортшының ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен кездесетінін растады. Бұл жекпе-жек 8 желтоқсанға қараған түні, Астана уақыты бойынша өтетін UFC 310 турнирінің маңызды оқиғаларының бірі болмақ.
Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы титулдық шайқас болмақ, мұнда бразилиялық Александр Пантожа мен жапондық Кай Асакура күш сынасады.
Рахмонов пен Мачадо Гэрри арасындағы кездесу жартылай орта салмақтағы уақытша белбеуді сарапқа салмайды. Жоспарға сәйкес, жеңімпаз 2025 жылы титул иегері Белал Мухаммадпен кездесуге мүмкіндік алады.
Рахмоновтың жаңа қарсыласы Мачадо Гэрри кәсіби мансабында 15 жекпе-жекте жеңіске жетіп, оның сегізін UFC аясында өткізген. Ол жартылай орта салмақ санатындағы рейтингте жетінші орында болса, ал Рахмонов үшінші орынға жайғасқан.
Футбол
Бүгін 03:35
Теннис
Бүгін 03:00
Бокс
Бүгін 02:47