locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Рахмоновтың бапкері Саид Сапаров файтердің Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жектегі дайындығы жайлы айтты

Рахмоновтың бапкері  Саид Сапаров файтердің Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жектегі дайындығы жайлы айтты
ФОТО: Getty images

Шавкат Рахмонов өз жанкүйерлерін біраз алаңдатып қойды: жекпе-жек барысында ол Иэн Гэрридің тұншықтыру әдісіне түсіп қалды. Алайда, табандылығы мен шыдамдылығының арқасында Шавкат бұл қиын сәттен аман өтіп, жеңісті өз қанжығасына байлады. Оның бапкері Саид Сапаров “Спорт Шредингера” басылымына берген сұқбатында бұл жекпе-жекке дайындықтың ерекше сәттерін бөлісті.

Саид Сапаровтың айтуынша, жекпе-жек күні Шавкат тұншықтыру әдістеріне қарсы қорғаныс техникасын ерекше пысықтаған. Таңертеңгі жаттығу кезінде ол атақты спортшы Гилберт Бернстен тұншықтыру әдісін жасап көруін сұрады. Бапкердің сөзінше, Бернс бұл әдісті бар күшін салып орындаған, бірақ соған қарамастан, Шавкатты еңсере алмаған.

Сапаров сұқбат барысында шәкіртінің ерекше төзімділігі мен физикалық мықтылығын атап өтті. Оның айтуынша, Шавкатты тұншықтыру әдісімен жеңу — өте қиын міндет. Сонымен қатар, Иэн Гэрридің техникасы мінсіз болмағандықтан, ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмады. Бапкер шәкіртінің ерік-жігеріне толық сенгенін және оның табандылығы бұл жекпе-жекті жеңіспен аяқтауға мүмкіндік бергенін ерекше атап өтті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie