Рахмонов - Гэрри. Жекпе-жек үшін спортшылардың қанша табыс табатыны белгілі болды
Sportal Mag порталы 8 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысушылардың гонорарлары жайлы ақпарат жариялады.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ирландиялық қарсыласы Иэн Гэрримен болатын жекпе-жек үшін 350 мың АҚШ доллары көлемінде кепілдендірілген гонорарға ие болады. Жеңіске жеткен жағдайда оның табысы тағы 100 мың долларға артпақ.
Ал Иэн Гэрридің кепілдендірілген гонорары 150 мың долларды құрайды. Егер ол жеңіске жетсе, қосымша 100 мың доллар табыс табады.
Турнирдегі ең жоғары гонорарлар кештің басты жекпе-жегіне қатысатын спортшыларға тиесілі: бразилиялық Алешандре Пантожа 750 мың доллар, ал жапондық Кай Асакура 500 мың доллар пайда табады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13