Порье Топуриямен жұдырықтасқысы келді, бірақ UFC рұқсат бермеді


Америкалық файтер Дастин Порье UFC-дегі экс-чемпион Илия Топуриямен жекпе-жекке шығуға дайын болғанын айтты. Алайда оның басты мақсаты Джастин Гейджимен трилогия өткізу еді.
«Мен Джастин Гейджимен төбелескім келді. Бізде есеп 1:1, бұл әңгімені аяқтағым келді. Бірақ UFC-дің өз жоспары болды, олар мені Макспен кездестіруді қалады. Мен келістім. Бұл жекпе-жекке себеп табу үшін қандай ойда болғандарын білмеймін. Бірақ мен Максты қатты құрметтеймін. Соңғы жекпе-жегім аңызға айналған қарсыласпен өтсе деймін. Макс – лайықты қарсылас. Ал Топурияға келсек, ол салмақ ауыстырамын дегенде мен UFC-дегі Хантер Кэмпбеллге жаздым: «Қалайсыңдар? Бұл жігітпен не жоспар?». Бірақ олар бұл жекпе-жекті ешқашан қарастырған жоқ. Бұл кездесу болмайды деді», – деді Порье.
Айта кетейік, 20 шілде күні Дастин Порье UFC 318 турнирінде Макс Холлоуэймен BMF белдігі үшін жұдырықтасады.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59