Пейдж: "Егер дәл осы Шавкат Белалға қарсы шыққан болса, Белал оны таңғы асқа жейтін еді"
Егер, Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен кездесудегі деңгейдей өнер көрсетсе, чемпиондық жекпе-жекте қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мұндай пікірді жартылай орта салмақ рейтингінде 15-орында тұрған Майкл Пейдж білдірді. Оның айтуынша, бұл кездесу Рахмонов үшін де, Гэрри үшін де үздік жекпе-жек болмады. Пейдж Шавкаттың бірнеше сәтті соққы жасағанына қарамастан, оған шыдамдылық пен физикалық дайындық жетіспегенін атап өтті.
“Ол бірнеше жақсы соққы жасады, бірақ физикалық дайындығы мен төзімділігі әлсіз болды. Тепе-теңдік те сақталмады. Бұл біздің көзіміз үйренген Шавкат емес. Ол жеңіске жеткенімен, бұл жекпе-жекті көрген көпшілік: “Иә, мен бұл жігітті жеңе аламын”, – деп ойлауы мүмкін. Мен оның қауіпті емес екенін айтпаймын, ол өте қауіпті спортшы екені анық, бірақ бұл оның ең жақсы өнер көрсетуі болған жоқ. Иә, ол жеңді, бірақ екі жақтан да жекпе-жек онша әсерлі болмады. Егер дәл осы Шавкат Белалға қарсы шыққан болса, Белал оны таңғы асқа жейтін еді,” – деді Пейдж.
Айта кетейік, Майкл Пейдж соңғы жекпе-жегін осы жылдың маусым айында өткізіп, Шавкаттан жеңіліске ұшыраған Иэн Гэрриден жеңіліс тапқан болатын.
Баскетбол
Бүгін 02:11
Бокс
Бүгін 01:08