Парсылық дағыстандық Даулет Усербай мен «Ушу-мастерге» жекпе-жекке шақырды


Поп-ММА жұлдызы, ирандық Мухаммед «Парсылық дағыстандық» Хейбати қазақстандық файтер әрі актер Даулет Усербайға және оның қарсыласы Андрей «Ушу-мастер» Ефимовке ашық шақыру тастады.
«Усербай, дайындал. Актер мен Дәретхана шебері, дайын болыңдар. 3 мамырда Алматыдамын. Билеттер дайын. Бірінші раунд — Усербай, екінші — Ушу. Екеуіңді де оңай жеңемін», — деді Хейбати.
Хейбати BMF белбеуі үшін күреске араласуға ниетті екенін аңғартты. Усербай мен Ефимов жеке жекпе-жектеріне дайындалып жатқанда, Хейбати бұл айқасты мини-Гран-приге айналдыруды ұсынып отыр.
Айта кетейік, 3 мамырда Алматыда Naiza 72 турнирі өтеді. Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі — Даулет Усербай мен Андрей Ефимов арасындағы жеңіл салмақтағы айқас болмақ.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15