"Оның физикалық дайындығы бес раундқа да жетеді": әлем чемпионы – Рахмоновтың қарсыласы туралы
ММА-дан еңбек сіңірген спорт шебері және бес дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың (18-0) қарсыласы – ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) туралы айтты.
"Грэпплингте ирландиялық Рахмоновтан нашар. Гарри қысыммен өзін жайлы сезінбейді. Жеңілістердің жоқтығына қарамастан, ол Майкл Пейдж және Джефф Нилмен күрделі және жақын жекпе-жек өткізді. Алайда ол үш раундтан сәтті өтті, бұл оның физикалық дайындығы бес раундқа жететінін көрсетеді", - деді Махметов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
8 желтоқсанда Лас-Вегаста биылғы UFC соңғы нөмірлік турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте қазақстандық жеңілмеген жауынгер Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық ЯИэн Мачадо Гарримен (15-0) кездеседі. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған.
Хоккей
Бүгін 04:26
Бокс
Бүгін 03:48