Оливейраның менеджері: Махачевтің жартылай орта салмаққа өтуі оны чемпиондық белбеуден айыруы мүмкін


UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейраның менеджері Диего Лима қазіргі чемпион Ислам Махачевтің 77 келіге дейінгі жартылай орта салмаққа өту мүмкіндігін бағалады.
Лиманың айтуынша, егер ресейлік спортшы ауырлау салмақ дәрежесінде бақ сынауды шешсе, ол чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін. Оливейра өкілінің пікірінше, UFC жеңіл дивизионды ұзақ уақыт тоқырауға ұшыратуға жол бермейді.
- «Егер Ислам 77 келіге өтетін болса, ол, үлкен ықтималдықпен, белбеуден айырылады. Бұл жағдай Илия Топурияға да қатысты болуы мүмкін. UFC-ге айқындық қажет. Егер спортшы салмақ дәрежесін ауыстыруды жоспарлап жүрсе, ұйым уақытша чемпиондық белбеуді енгізуге мәжбүр болады. Бүкіл дивизионның дамуын тоқтату – қисынсыз шешім», - дейді Лиманың сөзін MMA Fighting басылымы.
Менеджердің айтуынша, салмақ дәрежесін өзгерту туралы ойлаған спортшылар не чемпиондық атағынан бас тартуы керек, не уақытша чемпионның пайда болуына дайын болуы қажет.
Айта кетейік, 33 жастағы Ислам Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген. Қазіргі таңда ол жеңіл салмақта төрт рет белбеуін сәтті қорғап, дивизионда рекорд орнатты.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59