Олег Тактаров Рахмановты жоғары бағалады: Оның партері мықты, лақтыру техникасы жақсы дамыған


UFC 6 турнирінің бұрынғы чемпионы, қазіргі актер әрі сарапшы Олег Тактаров қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың деңгейіне жоғары баға берді.
«Маған Шавкат Рахмонов ұнайды. Оның партері мықты, лақтыру техникасы жақсы дамыған. Ол жақсы күреседі. Ауырту мен тұншықтыру әдістері бойынша ол UFC-дегі үздіктердің бірі»,— деді Тактаров vprognoze.ru сайтына берген сұқбатында.
Сарапшының айтуынша, бұл компонентте Шавкат үздік үштікке кіреді.
«Меніңше, бұл жағынан Шавкат пен Ислам Махачев алда. Үшінші орынға Том Аспиналл немесе Джон Джонсты қоюға болады. Басқалары бұл деңгейге жеткен жоқ. Мераб Двалишвили өте жақсы күреседі, шыдамдылығы да жоғары, бірақ оның біреуді финишке жеткізгенін есіме түсіре алмай отырмын», — деп қосты ол.
Шавкат Рахмонов UFC-де әлі жеңілмеген. 2024 жылдың желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінде ол Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдікке басты үміткер екенін тағы бір дәлелдеді.
Жұмағұлов Шавкат Рахмонов туралы: Егер ол чемпиондық жекпе-жектен бас тартса, демек, маңызды себептері бар.


Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:32