Үміткерлік жекпе-жек? Сехудо Рахмоновты Брэди үшін тамаша қарсылас деп санайды


UFC-дің бұрынғы қос салмақтағы чемпионы Генри Сехудо жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткерді анықтау үшін жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Брэди мен Рахмонов. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырыңдар», – деп жазды Сехудо.
Оның бұл мәлімдемесі Шон Брэдидің Лондонда өткен UFC Fight Night 255 турниріндегі жеңісінен кейін жарияланды. Америкалық файтер турнирдің басты жекпе-жегінде Леон Эдвардсты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен, кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның есебінде тек бір жеңіліс бар.
Ал қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңіп, жеңістер санын 19-ға жеткізді.


Теннис
Бүгін 15:48

Футбол
Бүгін 14:58