«Күзге қарай толық дайын боламыз»: Рахмоновтың жаттықтырушысы спортшының қалпына келуі мен алдағы жоспарлары туралы айтты


DAR Pro Team командасының бас жаттықтырушысы Эдуард Базров UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Legalbet.kz.
Базровтың айтуынша, Шавкат жарақатынан кейін қалыпқа келіп, жаттығуларын қайта бастаған:
- Қазір бәрі штаттық режимде жүріп жатыр. Рахмонов жаттығу жасап жүр, бірақ денсаулығын толық қалпына келтіру процесі әлі де жалғасуда. Қазіргі физикалық жағдайы жаман емес. Дәрігерлер толыққанды жаттығуға рұқсат берген бойда, біз дайындық жиындарын бастаймыз. Алла қаласа, күзге қарай жүз пайыз дайын боламыз, — деді Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов (19-0) соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Бастапқыда Рахмонов жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммедпен (24-3) кездесуі керек еді, алайда америкалық спортшы аяғындағы инфекцияға байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59