Конор Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектің тоқтатылуына байланысты Мұхаммедті титулынан айыруға шақырды
UFC-дің экс-чемпионы, ирландиялық файтер Конор Макгрегор Белал Мұхаммедті қазақстандық Шавкат Рахмоновпен титулдық жекпе-жекті бұзды деп айыптады.
Палестина текті америкалық жауынгер Белал Мұхаммед жартылай орта салмақта үшінші нөмірде тұрған Шавкат Рахмоновқа қарсы титулын алғаш рет қорғауы тиіс еді. Алайда бірнеше күн бұрын чемпион аяғына ота жасатқанын және жекпе-жекке қатыса алмайтынын мәлімдеді. Конор Макгрегор америкалықты титулынан айыруды және промоушеннен шығарып тастауды ұсынды.
“Сен әңгімеден де, жекпе-жектен де қашасың. Чемпиондар жарақаттарына байланысты жекпе-жектерін кейінге қалдырғанда, оларды талай рет сынадың. Енді сол жағдай өзіңе төбеңнен түскендей болды. Мұны көру қызық. Енді жекпе-жек те жоқ, ақша да жоқ, тек стафилококк қана бар. Бомж. Белдігін тартып алу керек. Дереу. Оны титулынан айыру қажет! Оны шығарып жіберу керек, ол инфекция жұқтырған”, — деді ирландиялық Мухаммедке .
Бұған дейін Шавкат Рахмонов чемпионның титулдық жекпе-жектен бас тартуына жауап беріп, UFC 310-да кез келген қарсыласпен кездесу үшін дайын екенін мәлімдеген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52