Конор Макгрегор спортқа қайта оралатынын растады
Даулы ирландиялық ММА шебері Конор Макгрегор спортқа қайта оралатынын мәлімдеді.
Өзінің мәлімдемесінде ол Логан Полмен жекпе-жекке алдын ала келісім бергенін айтты. Логан Пол — танымал боксшы әрі Майк Тайсонмен кездескен Джейк Полдың інісі.
“Топуриямен жекпе-жек туралы қауесетке сенбеңіздер. Мен Үндістанда өтетін бокс шоуында Логан Полмен жекпе-жекке келісім бердім. Келіссөздер аяқталды. Бұдан кейін октагонға қайта ораламын”, — деді Макгрегор өз мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 2017 жылы Макгрегор өзінің алғашқы және әзірге жалғыз бокс жекпе-жегін өткізген болатын. Ол жеңіліс көрмеген Флойд Мейвезермен жұдырықтасып, 10-раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Дегенмен, сол жекпе-жектен ирландиялық спортшы жеңілгенімен, $30 миллионнан астам табыс тапты.
Футбол
Бүгін 03:05
Хоккей
Бүгін 02:09
Футбол
Бүгін 02:02