locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

“Кел, мен дайынмын!”: Рахмонов америкалықтың дөрекі сөзіне жауап берді

“Кел, мен дайынмын!”: Рахмонов америкалықтың дөрекі сөзіне жауап берді
ФОТО: UFC

Қазақстандық жекпе-жекші Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық Колби Ковингтонның (17-4) мәлімдемесіне өз жауабын берді.

Ковингтон Шавкатқа бейнеүндеу жолдап, онымен жекпе-жекке шығуға дайын екенін білдірді, бірақ мұны дөрекі әрі жеке басты қорлап жеткізді. Атап айтқанда, Колби Шавкатты “ақымақ” деп атап, оның сөздерін “үңгір адамының диалектіне” аударуды талап етті.

Рахмонов Instagram желісінде америкалықтың сөзіне былай деп жауап берді:

“Кел, мен дайынмын! Сенің сөздерің октагонда саған көмектеспейді”.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінің кардында қалады. Бұл турнир 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді, бірақ қазақстандықтың қарсыласы әлі анықталмады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie