locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Камару Усман келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Камару Усман келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
ФОТО: pxfuel.com

UFC бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман жақында октагонға қайта оралатанынын хабардар етті .

“Тыныштықты бұзушы! Жақында мен келемін”, — деп жазды нигериялық спортшы әлеуметтік желіде, бірнеше жаттығу суретін жариялап.

Камару Усман соңғы рет октагонға өткен жылдың қазан айында шықты, сол кезде ол орта салмақтағы жекпе-жекте Хамзат Чимаевке төрешілердің көпшілік даусымен жеңілді. Ал одан бұрын Усман Леон Эдвардсқа қарсы екі титулдық жекпе-жегінде жеңіліс тапқан еді.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов, Белал Мухаммадтың ауруы себебінен жекпе-жектен шығып қалғанын айтып, Камару Усманның оның орнын басып, 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде Рахмоновтың қарсыласы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Болжам бойынша, Камару Усман мен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жекте UFC жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу қойылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Камару Усман мен Шавкат Рахмонов UFC-нің жартылай орта салмақ дивизионында екінші және үшінші орындарда тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie